Мұқағали Мұқатаев - поэзия тұлпары.
2020 жылдың 15 ақпан күні Нұр – Сұлтан қаласында,№ 53- мектеп-лицейінде ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары"атты Халықаралық көркемсөз байқауына Атырау,Алматы сияқты қалалардан поэзияны сүйетін дарынды оқушылар қатысты . Осы сайысқа Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінен 14 оқушыны дайындап, қазақ тілі пәнінің жоғарғы санатты ұстазы Аклима Барамисовна мен бастауыш сыныптың жоғарғы санат ұстазы Лаззат Орынбековна жетекшілік етіп қатысып жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Сайыста 6-сынып оқушылары Болат Зере мен Саятова Толғанай «БАС ЖҮЛДЕНІ» қанжығасына байласа, 3-сынып оқушысы Мұхамеджан Каусар мен 5-сынып оқушысы Мукамеджанов Толғанай жүлделі 1-орынды иеленді. Жүлделі II орынды 2-сынып оқушысы Ахмеджанова Ясмина, 3-сынып оқушылары Олжабай Мадияр, Садыкенова Арайлым, 5-сынып оқушысы Мұхамеджан Аяулым, 6-сынып оқушылары Болат Айым, СұлтановаАйым, 7-сынып оқушылары Данярова Аида, Карбаева Назым, Рахматолла Гүлім және III орын 5-сынып оқушысы Садық Жолдастың еншісіне тиді. «Мадақтама хат» пен ұстаздарымыз Л.Игибаева, А.Касенова марапатталса, А.Сейтжанова "ҰЛЫ ДАЛА ҰСТАЗЫ" медалін тағып ,үлкен жеңіспен оралды .