«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы
Өткізу күні: 20 тамыз 2020 жыл
Өткізу уақыты: әр мектеп өздігінен анықтайды
Тақырыбы: Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы
Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету
Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі.
Өткізу форматы: қашықтан. Ата-аналарға сілтемелер алдын-ала жіберіледі.
Қатысушылар: ата-аналар (балалардың заңды өкілдері).
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3) Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
6) Баланың оқу режимі және демалысы.
7) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
8) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
9) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
10) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында әрбір білім беру ұйымында оқыту форматы әрбір өңірдегі санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.
Жаңартылған күні: 21.08.2020 22:02 Құрылған күні: 21.08.2020 22:02