Текст
«Ұстаз – ұлы есім» - атты мерекелік жиынның бағдарламасы.
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Безендендіру:Шарлар,тақырыптық плакат,гүл,құттықтау плакаты,ұлағатты сөздер.
1-жүргізуші:
Санасына шәкірттің,
Білім нәрін сіңірген.
Ұстаз алдын көргендер,
Заман көшіне ергендер.
Абыройын асқақтат,
Орынын әркез төрден бер!