КММ “ Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі”
КММ “ Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі”

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.03.2017

Тақырыбы:  Күнделікті  өмірдегі   көліктер

Мақсаты:

Оқушылардан   көліктің  пайдасы,  қызмет  аясы   туралы   білімдерін  кеңейту;

Өздігімен   жұмыс  істей  отырып,   шешім қабылдай   білу   белсенділіктерін     арттыру;

Жауапкершілікке,   ізденімпаздыққа өнер  адамдарын  сыйлауға баулу.

Түрі: Сайыс сабақ

Әдіс-тәсілдері: ой  шақыру, топтастыру, түсіндіру,топпен  жұмыс,  сұрақ- жауап.

Көрнекілігі: көліктердің   суреттері, 

Сабақ     барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:  Сәлем саған  алтын  күн!

                                       Сәлем  саған  көк  аспан!

                                      Сәлем  саған  жер  ана!

                                      Сәлем  саған   достарым!

І Үй тапсырмасын  тексеру

Қазақстанның  халқы  қалада ма,  әлде ауылда көп  тұра  ма?

Жанұялық  жұмыс  дегенді  өз  сөзіңмен   түсіндір.

Ерте  заманнан бергі   қазақи  әдет  - ғұрыптар  қалай  сақталған?

Сенің жанұянда  қандай  әдет-  ғұрыпты  ұстанады?

Сен  үлкейгенде  қандай әдет   -  ғұрыпты  өз  жанұяңа қалдырасың?

Сендер  қандай  салт  -  дәстүрді   білесіңдер ме?

ІІ Жаңа  сабақ:            Күнделікті  өмірдегі   көліктер

Ребус :    Көлік

Көліктің   қандай   түрлері   болады?

Сен  тұратын   жерде   көліктің  қандай   түрлерін  пайдаланады?

Қалаға,  ауылды   жақын   жерге   қандай   көлікпен  баруға  болады?

Ауыл  және   қала   көліктерін  ата?

(  топтастыру)

І – топ -  машина

ІІ --  топ  - пойыз                                           теңіз  жолы

ІІІ -  топ –ұшақ

                        көлік                                                                                                   Әуе жол                                                                                                                                                                     

                                                                                                        

               

суда  жүзетін
                                                                   Темір жол

 

 

 

 

 

 

 

Енді  мен  сендерді  көліктің   шығу  тарихымен  таныстырайын. Ертеде   адамдар  көлік  ретінде  жануарларды  пайдаланған. Біздің қазақ  халқы  ат,  түйе  мінген  үндістер пілді, шығыс  халықтары  есек, бұқа, қодастарды  көлік  қылған . Суық аймақтарда  иттерді  шанаға  жеккен. Қазіргі таңда   бұл  көліктердің   маңызы  төмендеді.  Тұрмыс тіршілігі өркендеген  мына заманда  бір жерден  екінші жерге тез  жететін  көлік  түрлері  көп. Оларды  бірнеше топқа  бөлуге  болады. Жерде  жүре-тін, ауада   ұшатын,   суда   жүзетін, және жер  асты  көліктері,   жүйткитін, адамның  мінуіне,  жүк  тасуына  қызмет  ететін машиналар  мен   жануарларды көлік  дейміз. Көліктің қай  түрі  болса  да  адамға  сан  алуан  қызмет  көрсетеді. Біздің  ауылға  да қаладан  жеткізілетін  өнімдер  бар,  нан, сүт, жеміс – жидектер,  көкөніс  т,б.    Көліктер  болмаса  адамдардың  қолына   қажетті  уақытында  тимес  еді. Біздің  ауылда   машиналар  көп  әрі әрқайсысының өз  ісі бар.Трактор жер жыртады. Камаз құм тасиды. Экскаватор   мен  кран  үй  құрлыстарына пайдаланады.  Атпен   мал  бағады. Ат  жегілген  арба ауылдың  символына айналған.  Комбайн егін жинайды. Жастарымыз  шет  елдерде  білім  алуда.Ондай  алыс  жерлерге ұшақпен  жетеді.  Оладың  кейбірі  шұғыл  оқиға  байланысты   асығып  жүретіндігімен   ерекшелене-ді.   Бәрін  басып   озып  бара  жатыр.  Өрт  сөндіретін   машина. Трамвай  электр   қуаты   арқылы рельспен  қозғалып,  жолаушы  тасымалдайтын  моторлы  вагон.  Троллейбус  электр  қуатымен  қозғалады. Автобус   кісі  таситын  көп  орынды  кө-лік  Ұшақ  аспан  арқылы  адам   және  жүк  таситын  әуе   кемесі.  Тікұшақ  түрлі  құтқару  шаруаларына  жүргізуге   қолайлы. Пойыз   зат  тасиды, жолаушыларды,  мұнай,  жанармай,   бөренелер,  құм, көмір  тасымалдайды. Кеме  су  жолының  қатынас   құралы.

Мәтін  мен   жұмыс; үш   бөлікке  бөліп,  топта  оқыту;

    Білімдерін  талдау.

І  -  топ -  Ауылдың  жердегі   көліктер қызметі.

ІІ  - топ-  Ерте  кездегі  көлік түрлері

ІІІ-  топ – Мәдени  - тұрмыстық  өмірде   көліктің пайдасы.

  

ІІІ -  Жұмбақ  шешу:

Кеудесі толған  күш,

Табаны толған  тіс.

 

Пырылдап  көкте  инелік,

Инелік емес,  үй  делік.

 

Аузында  орақ,  қолында  тарақ,

Аңызда  келеді,  ақмаржан  төгеді.

 

Тұмсығы  зор  шөміш,

Тындырады  көп-көп  іс.

 

 

Ұшқанда  аяғын  жасырып  тығады,

Қонғанда  аяғы көсіліп  шығады.

 

Зулайды  қос  сызық  үстімен,

Жоқ  оған   күшті  тең.

 

Арқасында  ауыл жүр,

          Ала  тайым  шауып жүр.

 

Сымға   асылып,  жүр  асығып.

 

Өгізше  өкіреді,

Басар  жолы  қос  темір.

 

ІҮ .Сәйкестендіру  ойыны

Ү. Сергіту  сәті;

ҮІ . Шығармашылық  жұмыстарын оқыту.

ҮІІ.Қорытынды:

VІІІ. Үйге  тапсырма Әр  топ  өзінің   көлігінің  суретін  салады.

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст