Шоқан Уәлиханов орта мектебi
Профориентациялық бағдар бойынша мектебіміздің жоғары 9-11 сыныптар оқушылары арасында профориентациялық жұмыстар жүргізіліп отырды.
Мақсаты – бұл еңбек нарығында жастардың тұлғалық ерекшелігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, мектеп бітіруші түлектерге кәсіби мамандық пен еңбекке араласуға бағытталған ғылыми негізделген шаралар жүйесімен таныстыру
Жастар мамандық таңдауда қателік жібермей, кәсіп,мамандық таңдау- ең жауапты қадам, өз тағдырын дұрыс таңдауы өте маңызды екенін түсіндірілді. Мектепп бітірушілерге өте мән-мағыналы және түсінікті, жетімді тілде үгіттеу жүргізілді.
Диогностика – (мамандық таңдаудың мотивациясын анықтау арқылы ) жоғарғы сынып оқушыларымен ой- пікір алысып ,дөңгелек үстел ұйымдастылды.Мамандыққа байланысты нақыл сөздер оқылып , «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбына баяндама оқылып, мамандық таңдау барысында туындаған сұрақтар талқыланды;
Мысалы:1. Ата- ананың таңдауы бойынша, мамандық ұнамасада «тегін» грант үшін түсу, мамандықты ауызекі әңгімеге сеніп таңдау, байқаусызда грантқа түсіп кету, досы үшін өзі түсінбейтін мамандыққа түсу, ең дұрысы – өзің таңдап, ақылдаса шешім қабылдау.
Сонымен қатар мектеп бітіруші түлектерге ЖОО – ның әртүрлі салапары таныстырылып, мәліметтер берілді.