Текст
Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Тәуелсіздік ел -Қазақстан ” атты тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: - Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау. - Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.